Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Қазақстан Республикасының 2015 — 2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша облыстық комиссия отырысының 2015 жылғы 21-тамыздың №2 хаттамасын орындау мақсатында ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-да мына шаралар өткізілді:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 — 2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары өнделді.
  2. Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды.
  3. Аурухананың барлық бөлімшелерінде өтініштер мен шағымдарға арналған журналдар, жәшіктер бар.
  4. Сенім телефоны қызмет етеді.
  5. Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі туралы ақпаратпен әр бөлімшеде стендтер, буклеттер және папкалар өнделген және орналастырылған.
  6. Бас дәрігер мен оның орынбасарлары күн сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
  7. Аурухананың сайтына келіп түсетін сұрақтарға жауаптар мен кеңестер уақытылы беріледі.
  8. Өтініштер мен шағымдарды Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі қарастырады.
  9. Көрсетілетін қызметтер бойынша ақпаратты сайтқа орналастыру жұмыстары өткізілді.
  10. Бөлімшелерде қызметкерлер, оның ішінде жас мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністері фактілеріне төзбеушілік атмосферасын құру бойынша әнгімелер өткізіледі.
  11. Аурухана бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қалай хабарласуға болатыны туралы ақпарат орналастырылған.
  12. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр қызметкердің парызы», «Сыбайлас жемқорлық және онымен күресу әдістері» тақырыбына 2015 жылғы 25 тамызда орта медициналық қызметкерлерге конференция өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

Сыбайлас жемқорлық экономикалық қауіпсіздікке зиян келтіретініне, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер болып табылатынына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтініне КЕЛІСЕ ОТЫРЫП;

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайына қол жеткізудің маңыздылығын және негізгі күш сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына қарсы алдын алу жағдайларын жасауға бағытталған болуы тиіс сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту қажеттілігін ТҮСІНЕ ОТЫРЫП,

Қазақстанның тұрақтылығын, әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі, құқықтық мемлекетті құрудағы, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның маңызды рөлін және азаматтық сектор өкілдерінің қызметтің бейіні мен түріне қарамастан, сыбайлас жемқорлықтың жойылуын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жауапкершілікті қабылдау қажеттілігін ТАНИ ОТЫРЫП, 2015 жылғы 10 желтоқсанда жалпы ауруханалық жиналыста аурухана қызметкерлері 2015 жылғы 8 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісіммен» таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру, мемлекет пен азаматтық қоғамның өкілдерінің өзара іс-қимылын, тығыз әріптестігін күшейту осы келісімнің мақсаты болып табылады.

Аурухана қызметкерлері осы келісімге жеке тұлға ретінде қосыла алатыны туралы хабардар. Бас дәрігер ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағыПавлодар облыстық ауруханасы» КМК осы келісімнің «Қосылу актісіне» қол қойды.

«Қосылу актісіне» аурухананың барлық басқару құрамы белсенді азаматтық ұстанымы бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қол қойды.

Accessibility