Конституция күні
28.08.2018
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиыны №1
Павлодар облыстық перинаталдық орталығында өтті.
Әкімшілік, статистика, босанғаннан кейінгі және жаңа туған нәрестелер реанимациясы
бөлімшелерінің қызметкерлерінің белсенді қатысуымен концерттік бағдарлама
дайындалды.
Келе жатқан білім күні қарсаңында орталықтың кәсіподақ ұйымы балалары 1-ші сыныпқа
баратын қызметкерлерге сыйлықтар тарту етті.