Облыстың дерматовенерологиялық қызметі бүкіл облыс тұрғындарына консультациялық, стационарлық және стационарды алмастыратын мамандандырылған көмек көрсететін тері-венерологиялық орталығымен үйлестіріледі. Науқастарды емдеуде тері ауруларының басталуына, сипаты мен ағымына әсер ететін соматикалық ауруларды анықтау үшін науқастарды тексеру бойынша АМСК ұйымдарының дәрігерлерімен сабақтастық өте маңызды, сондай-ақ, онкологтармен дерматологиялық процестерді, акушер-гинеколог дәрігерлермен және урологтармен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау және емдеу бойынша өзара байланыс орнатылды. Пациенттерге медициналық көмек шұғыл және жоспарлы көрсетілімдер бойынша ТМККК, МӘМС шеңберінде және ақылы негізде құпиялылық, оның ішінде анонимділік негізінде көрсетіледі.
Тіркеу және дәрігерлерге алдын ала жазылу телефоны:
8(7182) 22-35-22. 9.00-дан 18.00-ге дейін.Анықтама үстелі: 8(7182) 50-05-43. Малайсары батыр көш., 66/1, «Е» корпус.
Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма 8.00-ден 18.00-ге дейін.
Сенбі, жексенбі – демалыс.