Жұқпалы аурулар орталығы

Инфекциялық орталық.

Инфекциялық орталық инфекциялық аурулар кезінде облыстың ересек тұрғындарына тәулік бойы шұғыл мамандандырылған көмек көрсетеді.

2020 жылдың қараша айында ашылған күннен бастап орталықтың медицина қызметкерлері коронавирустық инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсетті.Модульдік орталықта реанимация бөлімшесі, қабылдау-диагностикалық бөлімше, компьютерлік томографы және цифрлық рентген аппараты бар рентген кабинеті, орталықтандырылған оттегі беретін палаталар жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта бөлімше жедел жұқпалы ауруларды емдеуге арналған ҚТП палатасы бар 40 төсекке арналған. Пандемия аяқталғаннан кейін бөлімшенің нозология құрылымына бактериялық және вирустық ішек аурулары, қызылша, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, менингиттер, маусымдық инфекциялар, зооноздар, желшешек жатады.

Байланыс телефоны: 8(7182)37-19-39

Accessibility