Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының рентгенологиялық бөлімшесі кез келген дерлік патологияны, кез келген мүше мен жүйені ерте сатысында рентгендік диагностикалық зерттеулердің толық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи сараптамалық-сыныпты диагностикалық аппаратурамен жабдықталған.
Бөлімше әртүрлі мүшелер мен жүйелерді рентгендік зерттеудің барлық түрлерін жүргізеді:
- флюорография, өкпенің рентгенографиясы;
- трахеяны функционалдық зерттеу;
- кеңірдектің сызықтық томографиясы;
- бір сатылы қос контраст әдісімен өңештің, асқазанның, ұлтабардың рентгеноскопиясы, рентгенографиясы;
- контрастты затты өткізу әдісімен флюорография, аш ішектің рентгенографиясы;
- тоқ ішекті тексеру: контрастты затты өткізу әдісімен, ирригоскопия (Вейлин бойынша тоқ ішекті бір мезгілде қосарлы контрасттау);
- сүйектер мен буындардың рентгенографиясы, сызықтық томографиясы;
- омыртқаның, табанның, самай буындарын функционалды тексеру;
- зәр шығару жүйесін зерттеу (зерттеу және көктамырішілік инфузиялық урография);
- гистеросальпингография;
- рентгендік остеоденситометрия.
- Компьютерлі томография
Рентген бөлімшесінің меңгерушісі: Мельников Виталий Александрович, бірінші санатты рентгенолог дәрігері,жұмыс өтілі -10 жыл.
Бөлімше дәрігерлері:
Ғабдұлғазизова Дамет Сағындыққызы,жоғары санатты рентгенолог, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс рентгенологы, жұмыс өтілі -44 жыл.
Қайтаева Әсел Маратқызы,бірінші санатты рентгенолог дәрігер, жұмыс өтілі -13 жыл.
Аужанов Арғын Қазбекұлы,рентгенолог дәрігер, жұмыс өтілі -3жыл.
Идрисова Арай Серікқызы,дәрігер-рентгенолог, жұмыс өтілі -7 жыл
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: Щедрин көш., 63,
Байланыс телефоны: 8(7182)50-07-91, 8(7182)52-04-98