Ревматологиялық орталық

Орталықтың ашылуы өңірдегі ревматологиялық науқастарды қамтуды, диагностикалауды және емдеуді жақсартуға мүмкіндік береді. Пациенттер ревматологиялық ауруларды диагностикалау, тексеру және емдеу мәселелерінде мамандандырылған консультациялық медициналық көмек алады. Орталықтың құрылымында консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған ревматолог кабинеті, гендік-инженерлік биологиялық терапия кабинеті (ГИБТ), буынішілік манипуляциялар кабинеті, сондай-ақ тәулік бойғы стационардың 30 төсек-орны және күндізгі стационардың 10 төсек-орны бар. Базистік препараттарды уақтылы тағайындауды қамтамасыз ете отырып, пациенттерді динамикалық бақылау ұйымдастырылады, бұл пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Байланыс телефоны: 8(7182) 51-06-73

Қабылдауға жазылу телефоны: 8(7182) 66-40-05

Accessibility