Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың гинекологиялық бөлімшесінің (30 төсектік) әйел жыныс мүшелерінің әртүрлі ауруларын емдеуде көпжылдық бірегей тәжірибесі бар. Хирургиялық араласудың барлық түрлері лапароскопиялық, гистероскопиялық, лапаротомиялық және вагинальды тәсілдермен жүзеге асырылады. Операциялық араласулар үшін «LigaSure Covidien» аппараты сатып алынды. Жыныс пролапсы кезінде торлы импланттарды орнатуды енгізу үшін дәрігерлер Стамбулдың жетекші клиникаларында білім алып, Алматы репродуктивті медицина институтының профессорынан мастер-класс алды.
Бөлімше байланыс телефоны: 8(7182)50-03-81
Қабылдауға жазылу телефондары: 8(7182) 66-40-05, 8(7182)52-04-98