Пациенттерге

Пациентердің өтініштерің қабылдау

Пациенттердің қолдау қызметіне не үшін жүгіну қажет?

  • Бұл жүгінудің ең ыңғайлы тәсілі — мәселені бірден орнында шешуге болады, ешқайда барудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ;
  • Қызмет мәселені медициналық ұйымнан тыс шығармай-ақ, өз ішінде шешуге мүдделі;
  • Қызмет өзінің медициналық ұйымындағы жағдайды, оның ішіндегі кемшіліктер мен қиындықтарды біледі, сондықтан туындаған мәселені тезірек шешеді;
  • Қызмет барлық қажетті ақпаратқа, ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алады;
  • Қызмет өзінің медициналық ұйымының медициналық қызметкерлерімен таныс және дәрігермен келіссөздер жүргізу арқылы белгілі бір мәселелердің шешілуіне ықпал етуі мүмкін;
  • Түсіндіру, кеңес беру сипатындағы мәселелер орын алған жағдайда Қызмет қызметкерлері жүгінушінің мәселесін тез шеше алады;
  • Басшылыққа тікелей жақын орналасқан Қызмет анықталған бұзушылықтар туралы және оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін оған хабарлай алады;
  • Мәселені шешу жалпы аз уақытты алады;

Егер Сіздің сұрағыңызды Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі сараптама қызметі шешпеген жағдайда, Сіз әрқашан қолда бар байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: Ресми fms.kz сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.

Пациенттерді қолдау қызметі телефоны:62-84-74

Accessibility