Директордың парақшысы

7

Мұсабеков Арман Төлегенұлы 21.05.1972ж.т. – ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК директоры.

1995 жылы 26-маусымда Семей мемлекеттік медицина институтын бітірді.

01.08.1995 жылдан Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға хирург-дәрігер болып қабылданды.

2000 жылы Павлодар облысында алғашқылардың бірі болып хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық ауруларға операцияның аз инвазивті эндовидеохирургиялық түрлерін енгізді.

2011 жылдан бастап Қазақстан эндоскопиялық хирургтар қауымдастығының мүшесі.

2014 жылы Мұсабеков А.Т. Павлодар облысының «Үздік дәрігері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

2015-2018 жылдары – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі.

2015 жылы эндохирургияда әлеуметтік маңызы бар ғылыми-тәжірибелік жобаларды жүзеге асырғаны үшін Қазақстан эндоскопиялық хирургтар қауымдастығының медалімен марапатталды;

2019 жылғы 2-қазанда Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды.

05.03.2020 бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК директоры қызметін атқарып келеді.

Жоғары біліктілік санатты дәрігер – денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медицина ғылымының кандидаты.

Үздік еңбек жетістіктері, кәсіпқойлығы мен кәсібіне адалдығы үшін ұлттық бизнес рейтингінің қорытындысы бойынша «Жыл маманы-2014» номинациясы бойынша Ұлттық сертификатпен марапатталды.

2018 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

2020 жылы Инновациялық Еуразия университетін менеджмент магистрі, бизнес және менеджмент магистрі дәрежесімен тәмамдады.

Жақын және алыс шетелдерде (Ресей, Германия, Түркия, Беларусь) оқу және тағылымдамадан өтті.

Мұсабеков А.Т., карантиндегі дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлерінің жұмысын оңтайлы ұйымдастыру бойынша күнделікті жұмыс, жұмыс көлемінің артуына және жұмыс уақытынан тыс жұмыс істеуіне байланысты қызметкерлерді үнемі ынталандырып отырады.

Пациенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз ортаны құруға бар күш-жігерін салады, карантиндік кезеңде эпидемиологиялық қауіпсіздікті бақылайды. Медицина қызметкерлерін инфекцияның алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайды.

Қарамағындағылардың жұмысын ұйымдастыра алады, жұмыста жауапкершілік, еңбекқорлық көрсетеді. Өзіне және әріптестеріне талап қою.

Басшы ретінде ол ұжымды сендіре алатын және басқара алатын лидер болып танылды.

Accessibility