АУРУХАНАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 25 ЖЫЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АУРУХАНАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «Ғ.СҰЛТАНОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

      Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы, 1946 жылы ұйымдастырылып облыс халқына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін Павлодар қаласының ең ескі, көп салалы ауруханасы болып келеді.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 18 маусымның № 511 қаулысы негізінде Павлодар облыстық әкімдігінінің басшысы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігімен келісіліп Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген дәрігері Ғалым Сұлтановтың атымен Павлодар облыстық ауруханасын атауына шешім қабылданды.

 

Аурухананың құрамына 320 төсек-орынға арналған стационар; Пренаталды диагностикалық орталығымен бірге қосыла бір ауысымда 250 емделушілерді қабылдайтын  консультациялық-диагностикалық емхана; телемедицина орталығы, жылжымалы медициналық кешен енеді.

Ауруханада 580 астам адам қызмет істейді, оның ішінде 100 дәрігер, 3 медицина ғылымының кандидаты.

80% дәрігер және 75% орта буын медициналық қызметкерлері біліктілік санатына ие.

Павлодар облыстық аурухананы 1999 жылға дейін мына бас дәрігерлер басқарған: В.К.Полфунтиков, М.Д.Гупалова, С.А.Солдатов, Н.Е.Молчанов, Р.М.Тулегенов.

1999 жылғы суәір айынан бастап бүгінгі күнге дейін аурухананы Серім Уақапұлы Сыздықов, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Павлодар облыстық маслихатының депутаты, Денсаулық сақтау ісінің үздігі ойдағыдай басқарып келеді.

2012 жылғы 4-маусымда ШЖҚ «Павлодар облыстық аурухана» КМК базасында Амбулаториялық хирургия және гинекология орталығы ашылды.  Бұл орталықты ашудың мақсаты көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру, сонымен қатар Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жұмысының экономикалық тиімділігін заманауи ресурс үнемдейтін медициналық технологияларын енгізу негізінде арттыру.

Аурухана жетістіктері:

  • 2007 жылы Италияда шығарылған «Ньюстер – 10» медициналық қалдықтарды кәдеге жарату құралы орнатылды.
  • 2010 жылы аккредитация стандарттарына сәйкес жұмыс атқару сәйкестігі туралы, аккредиттеу куәлігі 4 жыл жұмыс атқаруына алды, 2014 жылы аурухана 4 жылға аккредиттеуден өтті.
  • 2010 жылы Павлодар аймағында алғашқы болып жамбас буының ауыстыру бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек жасалды.
  • 2010 жылдан бастап басқару, АҚ және ТЖ қызметі  органдарының жұмыстары нәтижесі бойынша Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасы 1-2 орындарға ие болуда.
  • 2012 жылы және 2015 жылы аурухана облыстың емдеу ұйымдары арасында ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫ болып танылды.
  • Ұлттық бизнес-рейтинг қортындылары бойынша «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» Республика бойынша көпбейінді ауруханалар арасында бірінші орынға ие болып және 2012-2013 жылдары қаржылық-экономикалық жұмысының көрсеткіштері үшін «Лидер отрасли 2014» медалімен наградталды. Соңғы жылдары біздің аурухана Қазақстан Республикасы бойынша облыстық деңгейде ересек халқына стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арасынан ұлттық рейтингтің алдынғы қатарында болып келеді.
  • 2007 жылы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі А.Т.Мусабеков лапаратомды жараны тігу патентін алды. Патент №12-3/2827.
  • 2010 жылы травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі В.И.Макаров, травматология-ортопедия бөлімшесінің дәрігері А.Е.Пороховой «Сынған үзын түтікше сүйектерін емдеу кезінде интрамедулярлы остеосинтезбен компрессті деротациялық тігісті үйлестіру тәсілін» ойлап шығаруына №22718 инновациялық патент алды.
  • 2014 жылы терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі З.М.Смагулова «Золотой фонендоскоп» номинациясының жеңімпазы болып атанды.
  • 2014 жылы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты А.Т.Мусабеков үздік дәрігер номинациясында жеңімпаз болып атанды.
  • Мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға консультациялық-диагностикалық емханаға бөгетсіз кіріп медициналық қызметтерді алуларына, аурухана бөлімшелерінде дәретхана мен пандустары қайта құрып, жақсы жағдайлар жасалды.
  • 2014-2015 жылдары ШЖҚ «Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК командасы Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасынан КВН бойынша І орынға ие болып жүрді.
  • 2015 жылы эндоскопиялық бөлімшесінде эндоскоптарды өндейтін MEDIVATORS DSD-201 дезинфекциялық-зарарсыздандыру қондырғысы құрылды.
  • 2015 жылы Эндоскопиялық хирургтардың қазақ ассоциациясы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты А.Т.Мусабеков әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуде шағынинвазиялық оталарын енгізгені үшін медальмен наградтады.

Бүгінгі күні емдеу мен диагностикалауда жаңа әдістерді қолдану үйреншікті болып келеді. 70% астам оталық араласулар – бұл шағынинвазиялық оталар.

 

Хирургиялық бөлімшесіне күндегі тәжірибесіне жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету оталары енгізілген: жылауық бойынша ұйқыбезге ішкі дренаж жасау, ұйқыбезге корпорокаудалды резекция.

 

Урологиялық бөлімшесінде биполярлы трансуретралды резекция ДГПЖ, контактілі лазерлі литотрипсия және зәр трактына жаңа өспелер мен стриктураларына кішіинвазиялық лазерлі операциялар енгізілді.

 

Біздің офтальмология бөлімшесінің дәрігерлері ең заманауи құралдарында ойдағыдай жұмыс атқаруда — қаржылық лизинг бойынша алынған INFINITI VISION    офтальмологиялық жүйесін енгізуі емделушілердің төсек-орын уақытын қысқартуына, кішіинвазиялық операциялар пайызын ұлғайтуына, жақын арада реабилитациялауымен қамтамасыз ету, жарақат алу пайызын төмендетуіне алып келді. Австралияда шығарылған «Танго» қондырғысы екі бағыт бойынша емдеуге мүмкіндік береді. Біріншісі – глаукоманы емдеу, екіншісі — екінші рет болған катарактаны емдеу.

 

Жаңа лазерлі аппараттарды қолдану офтальмологиялық бөлімшесіне оталық емдеуіне тұрған кезекшілікті қысқартуына мүмкіндік берді.

 

Гинекологиялық бөлімшесінің операциялық бөлмесіне «LigaSure Covidien» аппараты алынды.

 

Функционалдық диагностика бөлімшесінде «Олимпус», «Пентакс» фирмаларының жаңа құрал-жабдығымен жабдықталған эндоскопиялық кабинет ойдағыдай жұмыс істеп жатыр.

 

Травматология-ортопедия бөлімшесінде жамбас буындарына және тізе буындарына эндопротез жасаудың жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету оталары  жасалады. Жылына 250-ден астам осындай ота жасалады.

 

Отоларингологиялық бөлімшесінде «Рихард Вольф» құрал-жабдығымен мұрын және мұрын қуысына эндоскопиялық оталар жасалады.

 

 

2005 жылдан бастап Облыстық ауруханасында Пренаталды диагностика орталығы ойдағыдай жұмыс атқаруда.  Хромосомды патологияларды алғашқы деңгейде анықтау мақсатымен ойдағыдай кордоцентез жасалады. Қазақстан бойынша ең бірінші болып  І-триместрде хромосомдық патологияны диагностикалауына  «Құрғақ дақ»  бойынша жаңа бағдарлама енгізілді. Осындай әдіс Республиканың басқа облыстарында да енгізілуде.

 

«Саламатты Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатымен 2011 жылғы наурыз айында Камаз автомобиль базасында жылжымалы медициналық кешен алынды. Ол негізінде терапевтік және хирургиялық бейінді 8 дәрігерлік кабинеттері мен рентгенологиялық қондырғылары, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, зертхана, электрокардиографиямен жабдықталған жылжымалы емхана. Бұл кешеннің бригадасына облыстық ауруханасы мен  басқа медициналық мекемелердің жоғары білікті дәрігерлері енеді. Айта кетсек, бұл терапевт, педиатр, зертханашы, стоматологтар, ЛОР дәрігерлері, окулистер, УДЗ дәрігерлері, рентгенологтар мен хирургтер. Жылжымалы медициналық кешеннің басты мақсаты облыстың шалғай жатқан ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қол жетімді болып жасуы.

 

 

2009 жылғы қаңтар айынан бастап аурухананың санитарлық авиация бөлімшесінде Телемедицина орталығы жұмыс атқарады. Облыстың алты ауданымен консультациялар мен бейнеконференцбайланыстары жүзеге асырылады: Май, Щербақты, Баянауыл, Лебяжье, Ертіс, Железинка аудандары және республиканың алдағы клиникаларымен. Телемедицинаның барлық сеанстарын науқастарды, ультрадыбыстық зерттеулерін, рентгенологиялық суреттерін,  электркардиограммаларын көрсетуімен өтеді. Телемедицина орталығында облыс ауруханасының дәрігерлері, қаланың медициналық ұйымдарының қатысуымен бірге Республикалық ғылыми орталығының мамандарымен консультация өткізеді.

 

Уақыттылы жоғары мамандандырылған көмек көрсету мақсатымен 2012 жылғы 10 шілдеден бастап ауалық санитарлық авиакөлік жұмысы жаңғыртылды.

 

Гематологиялық бөлімшесінде алғашқы болып 2000 жылдан бастап Астана қаласының Ұлттық гематологиялық орталығында гемофилия сырқатымен ауратын науқастарға эндопротез жасауына (буындарын ауыстыру) және онкогематологиялық науқастарға сүйек кемігіне аутотрансплантация өткізуіне дайындық жұмыстары басталды.

2006 жылдан бастап онкогематологиялық  науқастарға өмірлерін 5 жылға созуына мүмкіндік беретін жоғарытехнологиялық препараты антитела:  Бортезомибом, Ритуксимабпен емдеу толық деңгейде өткізілуде. Сонымен қатар, Алматы фармацевтикалық фабрикасында жасайтын өз тиімділігімен Швейцарияның құралынан кем емес созылмалы миелоид лейкозды науқастарды иматинибом-ингибиторы терозинкиназамен емдеу жүргізіледі. Соңғы жылдары Астана, Алматы Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларының алдағы гематологиялық орталықтарының гематолог-әріптестерімен спутник байланысы арқылы (телемост) консилиумдер өткізуіне мүмкіндік пайда болды.

 

Сапалы және қол жетімді медициналық қызметтер заманауи медицинаның басты артықшылығы болып саналады, ол үшін біздің қызметкерлер жыл сайын Қазақстан және шет елдерге барып біліктіліктерін арттырады (Ұлыбритания, Израиль, Чехия, Латвия, Оңтүстік Корея, Ресей, Белоруссия).

 

Ұзақ жылғы адал еңбегі, жоғары біліктілігі үшін біздің жұмыскерлер мемлекеттік наградаларымен: төрт дәрігер Қазақстан Республикасының орденімен және медалімен наградталды, он бір дәрігер «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, екі дәрігер «За заслуги перед областью» төс белгісімен нагрдаталды. Бас дәрігер С.У.Сыздықов «Құрмет» орденімен және Пирогов орденімен (Ресей) наградталынды.

 

Қауіпсіздік ортаны сақтау үшін ота алаңында заманауи материалдары қолданылады.

 

ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК бір реткі қолданысты медициналық бұйымдарымен 100% қамтылған.

Ота жасағанда ота алаңы ioban™2 (АҚШ) үлдірімен оқшаланады.

Хирургиялық инстументарияларды зазарсыздандырып және сақтауына  Финляндияда жасалған «stericlin» фирмасының бір реткі зарарсыздандырылған қаптамасын қолдануы енгізілді.

 

Облыстық ауруханада медициналық инструментарияны зарарсызданыру алдында ультрадыбыспен қоса жуу және дезинфекциялау құралдарымен өндеу үрдісі жетілдірілді.

Аурухана 30-дан астам қазақстандық және ресейлік медициналық ғылыми журналдары мен газеттерін жазып алады, дәрігерлер мен медбибілерге медицина ғылымының соңғы жетістіктері туралы хабардар болуына мүмкіндік береді.

Аурухананың материалдық-техникалық базасын жетілдіруіне үлкен жұмыс өткізіледі, оның ішінде медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуына.

Медициналық құрал-жабдықпен қамтылған пайызы 88,54% құрайды.

2011 жылдан бастап медициналық құрал-жабдықты қаржылық лизинг арқылы сатып алу жұмысы басталды. «Казмедтех» АҚ-мен қаржылық лизинг бойынша  9 бірлік медициналық техникасын жалпы 272 258, 042 мың теңгеге алуына шарт жасалынды.

 

Халыққа медициналық қызмет көрсету сапасының арттырылуы аурухананың материалдық-техникалық базасын әрі қарай нығайтуымен, медициналық технологияларының жаңа жетістіктерін енгізу және медициналық персоналды үзбей оқытуына тікелей байланысты.

 

ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» КМК-ның ұжымы сапаға қатысты саясатын іске асыруына  жауапты екенің мойындайды. Жоғары сапаға жетіп ол сапаны түсірмеуіне, біздің атқарып жатқан жұмысты үнемі жетілдіріп отыруын талап етеді. Біз емделушілердің үмітін ақтап, жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсету мақсатымен үнемі даму үстіндеміз.

Accessibility