Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қ.Ситказиновтың Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жұмыс сапары .
2022 жылғы 8 сәуірде Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қ.Ситказиновтың Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасына жұмыс сапары өтті.
Айдар Кинжитайұлы Ситқазинов аурухананың тері-венерологиялық бөлімшесінің және ардагерлер бөлімінің жұмысымен танысты, емделушілермен кездесті.
Ардагерлер бөлімі 2015 жылы Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының базасында құрылды. Бөлім 2-қабатта орналасқан, науқастардың жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалған: 2-3 төсектік бөлмелер, әр бөлмеде тоңазытқыш, теледидар, жуынатын бөлме бар. Бөлімшеде 2 жалпы тәжірибелік дәрігер жұмыс істейді, стационарға әр бейінді мамандар тартылған, терапевтік және неврологиялық бейіндегі кең ауқымды аурулары бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының тері-венерологиялық бөлімшесі тері-венерологиялық аурулармен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін өңірдегі жалғыз бөлімше болып табылады. Тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана 15 төсек-орынға, күндізгі стационар 30 орынға есептелген.