«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!!»

07.04.2022

1950 жылдан бері ДДҰ бастамасымен 7 сәуір адам денсаулығы мен ұзақ өмір сүруге қатысты мәселелерді көтеруге арналған Дүниежүзілік денсаулық күні ретінде тойланады.

Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні белгілі бір ұранмен өткізіледі және қазіргі уақытта араласуды және бақылауды қажет ететін ең проблемалық тақырып болып табылады.

2022 жылғы Дүниежүзілік денсаулық күні, жалғасып жатқан пандемия, экологиядан туындаған аурулардың (өркениет ауруларының) шабуылы, саяси және экономикалық дағдарыс аясында «Біздің планета – біздің денсаулығымыз!» тақырыбына арналған.

Бұл ұран адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау, қоғамдық денсаулықты белсенді түрде нығайту және «әл-ауқат қоғамдарын» құру бойынша шұғыл әрекет етуге шақырады.

Дүниежүзілік денсаулық күні аясында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында қызметкерлер арасында гимнастика өтті.

Спорт, рационалды тамақтану және зиянды әдеттердің болмауы адамға әрқашан жас және сау болуға мүмкіндік береді. Денсаулықты нығайту және сақтау мәселесі – әрбір өркениетті мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге әрбір адамның басты міндеті.

Accessibility