Жіті ішек инфекцияларынан сақталу жолдары

14.06.2022

Жіті ішек инфекциялары- бұл ішек трактісін зақымдайтын, жұқпалы аурулар тобы. Ең женіл түріне- тамақтан улану, ең ауыр түрлеріне -холера, брюшной тиф, ботулизм, сальмонеллез, дизентерия, бруцеллез, иерсиниоз аурулары жатады. Бұл аурумен жалпы барлық жастағы адамдар ауырады, көбінше 2-6 жас аралығындағы балалар көбірек ауырады. Жедел ішек инфекциялары көбірек көктем-жаз мезгілдерінде тіркеле бастайды.Жаз айлары өкінішке орай көп жұқпалы аурулардың өршуіне қолайлы мезгіл болып саналады, соның ішінде жедел ішек инфекциялары.

 Ауруды тарату көздері ауру адам мен бактериятасымалдаушы, кеміргіштер, гельменттер, жуылмаған көкөністер мен жемістер, дұрыс сақталмаған азық-түліктер мен тез бұзылатын тағамдар. Жедел ішек аурулары кір қолдан жұғады, жеке бас гигиенасын сақтамағаннан болады.

Аурудың қоздырғыштары — бактериялар (холера, дизентерия, брюшной тиф), токсиндер (ботулизм) және вирустар (энтеровирус, ротовирус) болып табылады.

Дизентерия — үй жағдайында қайнатылмаған сүттен, қолдан жасалған қаймақтан, сүзбеден пайда болуы мүмкін. Ішек таяқшалары сапасыз өндірілген кефир мен йогурттатада кездеседі.Стафилококк креммен жасалған торттар мен сыроктарда болады. Сальмонеллалар (400 ге жуық түрлері бар) адам ағзасына жұмыртқа, тауық еті, шұжықтар мен таза жуылмаған көкөністер мен жемістер арқылы түседі.Микробтардың көбінше ақша купюрлерінде және супермаркеттегі азық-түлік тасымалдауға арналған арбалардың қолдарында көп болатындығы дәлелденген.

Диарея – қоздырғышы табиғи вирус (энтеровирус, ротавирус). Ауру күрт басталады, жедел тарайды. Ауру адам жазылғаннан кейінде вирус тасымалдаушысы болса, ол қоршаған ортаға вирус бөліп жүреді. Сондықтан бір мезетте отбасында немесе ұйымдасқан топтарда (балабақшаларда, мектепте, сауықтыру лагерлерінде) бірнеше адам ауруы мүмкін.

Аурудың инкубациялық мерзімі: 6 сағаттан 48 сағатқа дейін.

Аурудың белгілері: құсу, жүрек айну, дене қалтырау, іштің бүріп ауруы, іш өту, дене қызуы көтерілуі, тәбеті төмендейді, шөлдейді.

Құрметті аудан тұрғындары егер үйіңізде ауру пайда болған жағдайда төмендегі ережелерді сақтауларыңыз қажет:

— Ауруды бөлек бөлмеге жатқызып, дәрігерді шақырыңыз;

— Ауруға бөлек ыдыстар бөліп, ауруға күтім жасап болғананан кейін қолды жақсылап жуып, ыдыстарды қайнатып, залалсыздандыру заттарымен жуылуы тиіс.

Жедел ішек инфекциясының алдын алу шаралары:     

— Жеке бас гигиенасын сақтау керек, қолды тамақ даярлау кезінде және тамақтану алдында мұқият жуу керек, балаларды жеке бас тазалығына үйрету керек;

— Ас даярлау бөлмелерін таза ұстау, үйдің іші мен айналасының тазалығын сақтау қажет, қоқыстарды уақтылы шығарып тұру керек;

— Тек ғана балғын азық-түліктерді пайдалану қажет, азықтардың дайындалу технологиясын сақтау қажет, дайын және шикі өнімдерді бөлек сақтау қажет;

— Көкөністер мен жемістерді жуып керек жағдайда қайнаған сумен жуып пайдалану керек;

— Ашық су көздерінің суын пайдаланар алдында қайнатылуы тиіс, шомылған кезде ішке су жұтпау қажет, бөтелкедегі суды пайлааныңыз;

— Белгісіз саңырауқұлақ пайдаланбаңыз;

— Жеке үй жағдайында жасалған сүт пен сүзбені термиялық өңдеуден өткізіп пайдалануыңыз қажет;

— Шыбындармен күресі қажет, олар тағамдарға қонған кезде микробтарды таратады, үй жағдайында тағамдар мен азық-түліктердің беттері ашық қалмауы тиіс және кеміргіштер аралап кетпеуі тиіс;

— Жұмыртқалар пайдалану алдында жақсылап ысқылап жуылуы тиіс және 30 минуттан артық қайнатылуы керек (сальмонелла жұмыртқа сарысында болуы мүмкін).

Accessibility