Емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесі

Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының емдеу-диагностикалық эндоскопия бөлімшесінде   диагностикалық эндоскопиялық зерттеулер   орындалады:

  • эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС),
  • колоноскопия,
  • бронхоскопия,
  • эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
  • капсулды эндоскопия

Емдік эндоскопиялық хирургиялық емшаралар және манипуляциялар:

Жергілікті анестезия, орташа немесе терең седация немесе эндотрахеальды наркоз астында орындалады.

  • 12 елі ішектен, асқазаннан, тыныс алу жолдарынан қан кету көзін электрокоагуляциялау;
  • өңештен, асқазаннан және 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарынан бөгде денелерді алып тастау;
  • материалды цитологиялық және гистологиялық зерттеуге бағыттай отырып, асқазан шырышты қабығының,
  • 12 елі ішектен, тыныс алу жолдарының биопсиясы, АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;
  • АІЖ полиптерін эндоскопиялық алып тастау;
  • бронхтардың (стационарлық жағдайда) бронхоскопиялық лаважы (жуу);
  • эндоскопиялық папиллотомия (папиллосфинктеротомия) ЭПСТ — дербес немесе өт шығару жолдарының декомпрессиясы кезеңдерінің бірі;
  • эндоскопиялық литотрипсия және литоэкстракция — тастарды (конкременттерді) өт жолдарынан ұсақтау және жою.
  • Өңештің варикозды-кеңейтілген тамырларын байлау (аурухана)

 

Бөлімше меңгерушісі:

Әлиев Қуаныш Балташұлы,бірінші санатты хирург-эндоскопист дәрігері, жұмыс өтілі — 10 жыл.

Бөлімше дәрігерлері:

Қажеғұлов Нұржан Кенжебекұлы, хирург-эндоскопист дәрігері, жұмыс өтілі — 3 жыл.

Хабдуллова Гүлназира Сансызбайқызы, хирург-эндоскопист дәрігері, жұмыс өтілі — 9 жыл.

 

Біздің мекен-жайымыз:  Павлодар қ., Щедрин көшесі, 63,

Жазылу телефоны: 8 (7182) 52-04-98

Accessibility