Вирустық гепатит жайлы нені білу қажет?
30.06.2022
ВГ- Вирустық гепатит— ауыру белгілері ұсас және бауырды зақымдайтын вирустық аурулар тобына жатады.
В және С гептиттерінің вирустық ең қатерлі аурулар тудырып,асқынған жағдайда бауыр циррозына немесе обырына айналады.
Вирустық В және С гепатиті қалай жұғады:
- қорғанбай жыныстық қатынасқа түскенде
- ауру адамның қанын немесе қан құрамын құйғанда, ағза мен тіндерді ауыстырғанда
- үй жағдайында залалсыздандырылмаған медициналық құралдарды қолданғанда
- сұлулық салондарында залалсыздандыру ережесін сақтамай (татуировки, пирсинг, маникюр мен педикюр) косметиқалық шаралар жасаған кезде
- ортақ қолданыстағы инемен есірткіні тамырға енгізу кезінде
- жеке тазалық құралдарын (қайшы,ұстара,тіс щеткасын) ортақ қолданғанда
- босанған кезде анадан балаға жұғады
Вирустық гепатиттің профилактикасы:
- вакцинация
- жеке тазалық құралдарын (ұстара, маникюр жиынтығы, қайшыны қолдану
- лицензиясы бар арнайы мекемелерде (татуировки, пирсингжәне т.б.) косметикалық шараларды жасау
- мүшеқапты қолдану, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу
- медициналық шараларды қабылдау үшін арнайы емдеу ұйымдарына жүгініңіз.
Дер кезінде дәрігерге жүгінсеңіз, вирустық гепатит емделеді!