СОӨА- ның алдын алуға болады!

21.11.2022

1

Созылмалы обструктивті өкпе ауыруы немесе СОӨА – өкпеге дұрыс

тыныс алуға кедергі келтіретін тыныс алу жолдарының қызметінің

созылмалы бұзылуына тән және тұрақты сақталатын өкпе ауруы.

 «Созылмалы бронхит» және «эмфизема» аурулары СОӨА диагнозына кіреді

СОӨА-ның пайда болу себептері қандай?

  • Басты себебі — темекі түтіні, оның ішінде қайталап темекі түтінін

жұтудың әсері (пассивті шылым шегу).

  • Тамақ жасау немесе ғимаратты жылыту үшін отынды қолданудың

нәтижесінде ғимаратта ауаның ластану (құрамындағы басты бөлігі

көміртегі болып табылатын жанатын заттек, отынға көмір және қоңыр

көмір, жаңғыштақтатастар, тезек пен сүрек жатады).

  • Ауаның ластануы.
  • Жұмыс орнында химиялық заттектердің, шаңның және газдалудың

болуы (булану, тітіркендіретін заттектер, түтін).

  • Балалық шақта жиі төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларымен

ауыруы.

СОӨА-ның қандай белгілерін білесіздер?

  • Ентігу (немесе ауаның жетіспеуін сезіну), басында бесінші қабатқа

шыққанда, одан кейін үшінші қабатқа шыққанда, кейін бірнеше

баспалдақты аттағанда сезіну!!!

  • Қақырықтың көп бөлінуі.

Созылмалы жөтел

СОӨА-ның алдын алуға болады

Мамандар қандай профилактикалық шараларды ұсынады?

  • Темекіден бас тарту.
  • Ауасы лас орындарға бармау.
  • Жұмыстың зиянды жағдайын ауыстыру.
  • Суық тигізбеу.
  • Өкпе мен тыныс алу жолдарының ауруының уақытында емдеу.
Accessibility