АИТВ жұқпасы деген не?
АИТВ инфекциясы – бұл адамның иммундық тапшылығы вирусымен (АИТВ) шақырылатын ауру. Иммундық тапшылық – ағзаның әртүрлі жұқпаларға қарсы тұра алмайтын жағдайы. АИТВ адамның иммундық жүйесін зақымдайды, уақыт өте келе оны АИТВ көбеюіне қарсы тұра алмайтын мүмкіндігінен айырып қана қоймай, басқа да аурулар мен инфекцияларға (мысалы туберкулезге, зең ауруларына, тіпті ЖРВИ) қарсы тұра алмайды.Нәтижесінде иммундық жүйенің жұмысы әлсірейді, иммундық тапшылық синдромы дамиды.
ЖИТС-жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, бұл – АИТВ инфекциясын дамуының терминалдық сатысы.Көптеген жағдайда ол жұқтыру сәтінен бастап ұзақ уақыт өткен соң дамиды және өте тез арықтап кету, ұзақ дене қызуының көтерілуі(қызу және қалтыраумен ілесетін аурулық жағдай), іш өту, иммундық жүйенің терең ауырлануымен бірге жүреді, соның аясындақатерлі ісіктер және көптеген жұқпалы аурулар дамиды.
АИТВ берілуінің негізгі жолдары:
- қорғалмаған (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас;
- шприцтерді, инелерді және басқа егу құралдарын бірлесіп немесе қайта қолдану, пирсинг және татуировкаға арналған зарарсызданбаған құрал-жабдықтарды қолдану, қырыну құралдарын, қан қалдықтары бар тіс шөткесін қолдану;
- жүктілік кезінде, босану және емшек емізу кезінде оң нәтижелі АИТВ анадан балаға берілуі.
АИТВ қалай берілмейді?
- қол алысқанда;
- жөтелгенде, түшкіргенде;
- бассейнге барғанда;
- жәндіктердің шағуы кезінде;
- достық сүйіскенде;
- ыдыстар, киімдер, іш киімдер арқылы;
- үй жануарларымен жанасу кезінде;
- тағам өнімдері арқылы.