«Витреоретинальды хирургия бойынша мастер-класс»
06.12.2022
Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың базасында 2022 жылғы 05 желтоқсан мен 2022 жылғы 07 желтоқсан аралығында «Acıbadem Mehmet Ali Aydınlar University» Түркия медициналық орталығының профессоры Ersanli Dilaver және м.ғ.к., Алматы қ. көз аурулары ҚазҒЗИ балалар бөлімшесінің меңгерушісі Лұқпан Нұрланұлы Оразбековтің қатысуымен витреальді хирургия бойынша мастер-класс өткізіледі. Шақырылған офтальмохирургтер Павлодар облысының қант диабетінің асқынулары, торлы қабықтың бөлінуі және көз түбінің басқа да күрделі патологиялары бар пациенттерді жеке өздері қарайды, көздің артқы бөлігіне операция жасайды. Витреоретинальды хирургия бойынша барлық операциялар МӘМС шеңберінде өткізіледі.