Аккредиттеу — бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің сәйкестігін мойындау

08.12.2022

Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша аккредиттелді және I санат мәртебесімен аккредиттеу туралы куәлік алды!

Құрметті аурухананың қызметкерлері, осы жоғары жетістікпен құттықтаймыз, бұл біздің командалық жұмысымыздың нәтижесі!
Құрметті пациенттер, еске сала кетейік, Аккредиттеу бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін мойындау.
Медициналық мекемеде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы пациенттер үшін қызмет көрсету сапасының, жайлылық пен қауіпсіздіктің белгілі бір бәсекеге қабілетті деңгейін куәландырады және растайды!
Біз медициналық көмектің сапасын кешенді сыртқы бағалаудан сәтті өттік.

Accessibility