Жол –көлік жарақатының алдын алу

07.04.2023

Машина жолын кесіп өтерде балаларға арналған нұсқаулық:

жолды тек қана жаяулар өтпе жолы мен қиылыстарда кесіп өтіңіз, әйтпесе балаңыз кез келген жерден кесіп өте беруге дағдыланатын болады;

бағдаршамның тек жасыл түсіне өтіңіз. Бала қызыл не сары түске, тіпті ешқандай көлік жоқ болғанның өзінде кесіп өтуге болмайтынына дағдылануы тиіс. Қасыңыздағы баламен бірге қызыл түске өтіп кетсеңіз, сіз жоқ кезде бала оны сөзсіз қайталайды;

машина жолына шығысымен сөзді доғарыңыз, бала жолды кесіп өту уақытында сөйлесуге болмайтынына дағдылануы тиіс;

асықпаңыз, жүгірмеңіз, жолды біркелкі қадаммен жүріп өтіңіз, әйтпесе балаңыз асығуға, өзінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін бақылау жасаудың орнына жүгіре жөнелуге дағдыланып алады;

егер көшенің қарсы бетінен достарыңызды, туыстарыңызды, таныстарыңызды, қажетті автобус көріп қалсаңыз, жолдан тез өтуге асықпаңыз, оларға қарай жүгірмеңіз;

көшемен көлік аз жүріп жатса да, айнала қарап алмай кесіп өтуге тырыспаңыз. Балаға автомобильдер кез келген бұрылыстан, кез келген ауладан шыға келуі мүмкін екенін түсіндіріңіз.

Accessibility