«Өзіңізді және жақындарыңызды қорға!»
Бүгін, 7 сәуірде дерматовенеролог дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Тері және венерологиялық аурулармен кездескендерге көмек көрсету – дерматовенерологтың міндеті.
Дерматовенеролог-дәрігер күні аясында және Дүниежүзілік денсаулық күні аясында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының тері-венерологиялық диспансерлік бөлімшесінің фойесінде тері ауруларының, вирустық гепатиттің, ЖЖБИ/АИТВ/ЖИТС профилактикасы және бөлімшедегі пациенттер арасында репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша ақпараттық-білім беру материалдарының таралуымен «Өзіңді және жақындарыңды қорға!» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Бөлімшенің дерматовенерологтары өзін-өзі емдемеуге шақырады, жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (ЖЖБИ) дереу медициналық мекемелерге білікті мамандарға жүгінуге кеңес береді.
ЖЖБИ кіші жамбас мүшелерінің, ішкі ағзалардың қабыну ауруларының, жүктілік пен бедеуліктің қолайсыз нәтижелерінің негізгі себептері болуы мүмкін.
Көптеген ЖЖБИ симптомсыз немесе шамалы симптомдармен жүреді, олар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.
Білмеушілік және ақпараттың жетіспеушілігі, өзін-өзі емдеу және интернет бойынша емделу, өкінішке орай, созылмалы кезеңдер мен асқынуларға әкеледі, олар неғұрлым ауыр және ұзақ емдеуді қажет етеді.
ЖЖБИ-нің жалпы сипаттамалары: