Артериялық гипертония бақыланатын ауру!
24.05.2023
Артериялық гипертония дегеніміз не?
Систолалық артериялық қан қысымының жоғары көтерілуі/сынап бағанасымен 140 мм. тең және диастолалық қан қысымының жоғары көтерілуі/ сынап бағанасымен 90 мм. тең болуы.
Жоғары артериялық қан қысымы инфаркт және инсульт секілді қауіпті аурулардың пайда болуының басты факторы болып табылады.
Артериялық гипертонияның дамуына қандай факторлар ықпал етеді?
- Жасы (ерлер >55 жас; әйелдер >65 жас).
- Темекі шегу.
- Дислипидемия – қан құрамында холестерин мен триглицеридтердің
- артуы:
- Жалпы холестерин >4,9 ммоль/л (190 мг/дл) және/немесе
- ТТЛП холестерин >3,0 ммоль/л (115 мг/дл) және/немесе ТЖЛП холестерин: ерлерде <1,0 ммоль/л (40 мг/дл), әйелдерде <1,2 ммоль/л (46 мг/дл) және/немесе
- Триглицеридтер >1,7 ммоль/л (150 мг/дл)
- Аш қарынға глюкоза деңгейі 5,6-6,9 ммоль/л (102-125 мг/дл)
- Глюкоза төзімділігіне бұзылған тест.
- Семіздік (ДСИ≥30 кг/м ).
- Абдоминалдық семіздіктің — бел көлемі ерлерде ≥ 102 см және
- әйелдерде ≥88 см.
- Отбасылық анамнез ЖҚА (ерлер 55 жасқа; әйелдер 65 жасқа дейін).
Артериялық гипертонияның дамуын болдырмау үшін не істеу қажет?
- Дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау.
- Дене салмағы индексінің қолайлы көрсеткішіне дейін дене
- салмағын төмендету — 18,5-24,9 кг/м.
- Денсаулықты сақтау үшін темекіден бас тарту.
- Ішімдікті тұтынуды азайту немесе толықтай бас тарту.
- Үнемі дене шынықтыру.
- Профилактикалық және скринингттік медициналық тексерулерден өту.
Гипертониясыз ұзақ, сау өмір сүру үшін алғашқы қадамыңды жаса!