Медицина қызметкерлері күні

23.06.2023

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күні Гиппократ антын берген барлық дәрігерлерді, медбикелерді, фельдшерді құрметтейді.
Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу қарсанында 2023 жылғы 21 маусымда Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы Луначарский, 1 көшесінде орналасқан Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың акт залында салтанатты іс-шара өткізіліп, Павлодар облысының үздік медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы жұмысы, халық денсаулығын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін ҚР ДСМ «Еңбек ардагері» медалімен Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының кардиоревматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі В.М.Мигуля, Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен траваматология-ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Д.Б. Байжуманов, ҚР ДСМ Алғыс хатымен тері-венерологиялық орталықтың дерматовенеролог дәрігері Е.С.Шилкина марапатталды.
Әріптестерімізді жоғары наградаларымен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау болып, жұмыстарыңыз тек қанағат әкеліп, сіздің кәсібиліктеріңіз адамдардың игілігі үшін өсе берсін!

Accessibility