Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

05.09.2023

Алда- Ауқымды жұмыс
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу. Әрине, бұл – ауқымды әрі күрделі міндет. Бірақ біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек. Бұл – принципті мәселе. Еліміздің болашағы баянды болсын десек, бұл стратегиялық міндетті қалайда орындауға тиіспіз» — деп атап өтті.ҚР Президентінің қазақстандықтардың алдарына орындауға қойған міндеттері аз емес. Әр түрлі салаларда. Экономикалық өсу, экономика көлемінің екі есеге ұлғаюы бес-алты жыл ішінде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін шешуші бетбұрыс болып табылады. Бұл дегеніміз, халықтың әл-ауқаты жақсарады, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы мен балалық шақты қолдау сияқты басым бағыттарға назар аударылады.

Accessibility