2024 жылы бірыңғай жиынтық төлем болмайды: МӘМС- ке қалай төлем жасаймыз?

04.10.2023

БЖТ бастапқыда уақытша төлем ретінде 5 жылға – 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілді.
Келесі жылдан бастап бұл төлем түрі болмайды.
2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін, азаматтар:
• Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1,4 ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% төлей алады
• Дербес төлеуші ретінде 1 ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% төлей алады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының стратегия департаментінің директоры Дамир Көбжасаров: «Бірыңғай жиынтық төлемнің негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Қазір жеке тұлғалардың табысын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Бұрын кәсібін тіркемеген азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелуі керек»




Accessibility