Денсаулығымызды сақтайық!

31.10.2023

2023 жылғы 30 қазанда Павлодар жоғары экономикалық колледжінің базасында «Денсаулығымызды сақтайық!» тақырыбына семинар өтті.
Аталған семинарда Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының тері-венерологиялық орталығының дерматовенеролог-дәрігері О.В.Ткачук жасөспірімдерге жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы айтып берді: инфекциялардың түрлері, оларды диагностикалау мен емдеудің күрделілігі, салдары.
Аурухананың инфекционист-дәрігері З.М.Ескендирова ЖРВИ, тұмаудың алдын алу жөнінде сөз сөйледі.
СӨС үйлестірушісі — БАҚ жөніндегі маманы А.А.Бейсеновамен колледж студенттері арасында ЖЖБИ, ЖРВИ, темекі шегудің (кальян) алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, сондай-ақ бейнероликтер көрсетілді.






Accessibility