Созылмалы обструктивті өкпе ауыруы немесе СОӨА
Созылмалы обструктивті өкпе ауыруы немесе СОӨА – өкпеге дұрыс тыныс алуға кедергі келтіретін тыныс алу жолдарының қызметінің созылмалы бұзылуына тән және тұрақты сақталатын өкпе ауруы. «Созылмалы бронхит» және «эмфизема»аурулары СОӨА диагнозына кіреді.Әлемде 64 миллионға жуық адам ауырлықдеңгейі әртүрлі (жеңілден ауырға дейін) зардап шегуде. Алдағы 20 жылда СОӨА-дан өлім-жітім оқиғасының саны өсіп, әлемдегі өлім-жітім себептерінің маңызы бойынша төртінші орынды иеленеді.
СОӨА-ның пайда болу себептері қандай?
•Басты себебі — темекі түтіні, оның ішінде қайталап темекі түтінін жұтудың әсері (пассивті шылым шегу).
•Тамақ жасау немесе ғимаратты жылыту үшін отынды қолданудың нәтижесінде ғимаратта ауаның ластану (құрамындағы басты бөлігі көміртегі болып табылатын жанатын заттек, отынға көмір және қоңыр
көмір, жаңғыш тақтатастар, тезек пен сүрек жатады).
•Ауаның ластануы.
•Жұмыс орнында химиялық заттектердің, шаңның және газдалудың
•болуы (булану, тітіркендіретін заттектер, түтін).
•Балалық шақта жиі төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларымен ауыруы.
СОӨА-ның қандай белгілерін білесіздер?
•Ентігу (немесе ауаның жетіспеуін сезіну), басында бесінші қабатқа шыққанда, одан кейін үшінші қабатқа шыққанда, кейін бірнеше баспалдақты аттағанда сезіну!!!
•Қақырықтың көп бөлінуі.
•Созылмалы жөтел.
СОӨА-ның алдын алуға болады. Мамандар қандай профилактикалық шараларды ұсынады?
•Темекіден бас тарту.
•Ауасы лас орындарға бармау.
•Жұмыстың зиянды жағдайын ауыстыру.
•Суық тигізбеу.
Өкпе мен тыныс алу жолдарының ауруын уақытында емдеу.