Темекі шегу – адамға кері әсер ететін ең қауіпті әдеттердің бірі
ДДҰ сарапшыларының бағасы бойынша темекі шегу ерте өлім жағдайларының басты себептерінің бірі болып саналады.
Темекі шегу адамның барлық органдарына кері әсерін тигізеді, яғни:
— тыныс алу органдарының бұзылуына;
— систоликалық және диастоликалық қан қысымының пайда болуына;
— онкологиялық аурулардың дамуына;
— адамның жүйке жүйесінің және ақыл-ой қызметінің бұзылуына;
— жүрек-тамыр жүйесінің тез күйзелуіне, жүректің ишемиялық ауруына, миокард инфарктісіне, гипертониялық ауруына және атеросклерозға;
— асқазан-ішек трактісінің ауруына;
— тістің түсуіне және қызыл иектердің қабынуына алып келеді.
Зиянды әдеттен арылуға арналған профилактикалық шаралар денсаулықтың жақсаруына көмектеседі. Темекі шегудің алдын алу шаралары кешенді және салауатты өмір салтын насихаттауды қамтуы тиіс.
Спорт және дене шынықтыруды насихаттай отырып, өскелең ұрпақтың зиянды әдетке шалдығуының алдын аласыз. Егер сіз темекі шегетін болсаңыз, балаңыз ерте не кеш қолына темекені алуы мүмкін, сондықтан мұндай зиянды әдеттен арылу аса маңызды.
Темекі шегудің теріс салдарға әкеп соғатын себептері:
1. Тіл мен ерін сілемейлі қабаттарын зақымдайды;
2. Құрғақ жөтелдің болуы;
3. Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы;
5. Иіс сезу қабілетінің нашарлауы;
6. Бет, жүзді уақытынан бұрын әжім басуы;
7. Тістердің сарғаюы;
8. Қалыпты тыныс алудың бұзылуы;
9. Түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
Темекі шегу денсаулыққа зиян. Оны тастау өз қолыңда!
Лицензия 00986 DS