НЦХ А.Н.Сызғанов атындағы жүргізетін МАСТЕР-КЛАСС ЭНДОХИРУРГИЯ шеңберінде «Жоғары технологиялар күндері»
2017 жылдың 18-20 мамыр аралығында Павлодар облысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 10 сәуіріндегі №155 «Республикалық акция жургізу мәселелері» бұйрығының орындалу негізінде халыққа жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуде бірлескен «Жоғары технологиялар күндері» айдарымен республикалық акция өтті.
Акция аясында Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж аурулар қабылдауда болып, бауыр трансплантациясы жасалынуы қажет аурулар сұрыптанылды. Эндоскопист дәрігерлер асқазан-шек жолдары ауруларын емдеуде шағын инвазивті оперативтік тәсілдерді пайдаланды. Республиканың бас хирургі профессор Б.Б. Баймаханов ұйқы безіне көрнекі оталарды жасап, тәжірибе алмасты.
Павлодар облысының хирургтар қоғамы отырысында А.Н. Сызғанов атындағы ҒХО-ң профессоры Б.Б. Баймаханов елдің хирургия саласындағы жетістіктері, мәселелері және перспективалары жайлы баяндама жасап, Қазақстан республикасы хирургтар ассоциациясын құруды ұсынды.