Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысы
09.08.2017
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу шегінде Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жұмыс тобы 2017 жылғы 4-шілдемен 2017 жылғы 21 шілде аралығында Павлодар қаласының 4 кәсіпорнына барып сөз сөйледі. Жұмыс топ мүшелері «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында екі рет кездесу өткізді.
Шайхин С. Ж. – емдеу сапасын бақылау жұмысы жөніндегі бас дәрігер орынбасары, Касенов К.Т. – АҚ және ТЖ жұмысы жөнінегі бас дәрігер орынбасары, Краморова О.В. – консультациялық емхананың меңгерушісі, Жакина А. А. – бас бухгалтер «Сварко» ЖШС, «Project Citi Grup» ЖШС, «Бона» ЖШС, «Атамура» ЖШС ұжымы алдында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі принциптерін түсіндіріп өтті.