«Рухани жаңғыру» арнайы жобасына Бауыржан Ерғалиұлы Ерғазыновтың «Туған жер» атты тақырыбына сөзі

16.11.2017

Жоғары оқу орындарын бітірген соң, түлектердің алдында «қайда жұмыс істеуге бару керек?» деген сұрақ туындайды. Өз туған жеріңде қалып еңбектену ма, немесе басқа өлкеге кету ма дегендей. Бауыржан Ерғалиұлы өзінің Павлодар қаласында қызмет ететіндігі нақты білген. «Маған үнемі өз қалам ұнайтын, осы жерде менің балалық шағым өтті, осы жерде мен армандайтыным»  — деп, Бауыржан есіне түсіреді. «Менің басты мақсатым – білікті дәрігер болу»-деді Бауыржан Ерғалиұлы.

Ерғазинов Бауыржан Ерғалиұлы — «ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның травматология және ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері.

Ерғазинов Бауыржан Ерғалиұлы 1989 жылы 2 маусымда Павлодар облысы, Лебяжі ауданында Шоқтал ауылында дүниеге келген. 1995 жылы ол бірінші сыныпқа барды. Ерте жастан бастап Бауыржан облыстық, қалалық, республикалық олимпиадалар мен байқауларға белсене қатысып жүрді. 2001 жылы отбасымен бірге Павлодар облысының Шақат ауылына көшіп келді.

2006 жылы Шакат орта мектебін бітірді, сол жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының Павлодар филиалына «Жалпы медицина» факультетіне түсті.         2012 жылы бакалавр дәрежесін алды. 2013 жылы интернатураны аяқтап «Жалпы хирург» мамандығына ие болды. 2016 жылы Семей мемлекеттік медицина университетінде «Травматология және ортопедия» мамандығы бойынша резидентураны бітірді.            «ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-да  Ерғазинов Б.Е. 2013 жылдың 1 тамызынан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында, Бауыржан Ерғалиұлы өзін өзінің жұмысына және мамандығына адал, білікті маман ретінде таныта білді.         «Мен Республикадағы ең жақсы медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істеймін. Макаров Владимир Ивановичтың қатаң басшылығымен бірнеше жылдан бері тек маман ретінде ғана емес, жалпы адам ретінде де жақсы болып қалыптасып келемін деп айта аламын. Аурухана қабырғасында менің әріптестерімде екінші отбасымды таптым. Біз жұмыс уақытында және өмірде бір-бірімізді қолдаймыз. Мен Отанымды жақсы көремін және халыққа көмек көрсеткім келеді», — дейді Бауыржан Ерғалиұлы.

IMG_9734

Accessibility