«InfoMed Kazakhstan» Медициналық ақпараттық жүйесін енгізуі
2017 жылғы 14-қарашада ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның мәжіліс залында «InfoMed Kazakhstan» Медициналық ақпараттық жүйесін жақын арада енгізуіне қатысты дәрігерлермен бірге жалпы семинар өтті. Семинарда ақпараттық жүйені енгізіп, оқытып және іске қосу туралы мәселелер талқыланды.
– бұл медициналық мекемелерін автоматтандырудың әмбебап жүйесі, емдеу-алдын алу мекемелері жұмысының аспектілерін автоматтандыруына мүмкіндік береді.
ЕАМ жұмысын автоматтандырудың негізгі бағдарлары:
- ЕАМ жұмысын технологиялық және ақпараттандыру арқылы қолдау;
- Медициналық білім мен емдеу стандарттары базасын толтыру;
- Бөлімшелердің, персонал мен мамандардың сұранысы және кірісін, жүктемесіне дамыған аналитикасын жүргізе отырып көрсетілген медициналық қызметтерге қаржы, статистикалық және басқарушылық есеп жүргізу;
«InfoMed Kazakhstan» Медициналық ақпараттық жүйесін енгізуі қандай нақты пайда бере алады?
-Емделушілер бойынша дербестендірілу емдеу есебі;
-медициналық көмектін сапасы мен жылдамдылығын толассыз емдеу процессі арқылы арттыру;
-емделушіні алғашқы және әрі қарай емдеудің сабақтастығын қамтамасыз ету;
-науықастарды диагностикалау мен емдеу схемасын стандарттау;
-емдеушіні емдеудің тиімділігін бағалау мүмкіндігі;
-Бөлімшелердің жұмысы мен олардың ақпараттандырылу қарым-қатынасын реттеу;
-Төсек-орын қорының жүктеуін бақылау;
-Қаржылық ресурстарын қолданылуын олардың мақсатты бағытына қарағанда бақылау.