47-ші қалалық спартакиадасы
02.04.2018
2018 жылғы 1-сәуірде Павлодар қаласы мемлекеттік мекемесінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» қолдауымен медицина қызметкерлері арасында 47-ші қалалық спартакиадасы өтті. Бұл спартакидаға ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облысы ауруханасы» КМК-ның қызметкерлері қатысты.
Травматология және ортопедия бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері А.Е.Пороховой және хирургиялық бөлімшесінің хирург-дәрігері К.К.Таштемиров жүзу бойынша жүлделі 1 және 2 орындарға ие болды.
ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облысы ауруханасы» КМК-ның командасы жалпы командалық есепте жүлделі 2-орынды иеленді. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар грамоталармен және медальдармен марапатталды.