«Мектепке жол» атты Республикалық қайырымдылық акциясына қатысу
1 тамыздан бастап «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Өткен жылдардағыдай ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының» КМК қызметкерлері белсенді қатысты.
Оқу жылының басталуына дайындалу үшін жалпы білім беретін мектептердің 8 оқушысына материалдық көмек көрсетілді.
Бұл жетім балалар, табысы аз, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар, олардың ата-аналары тұрмысы мен басқа да қиын өмір жағдайларына байланысты жалға алу пәтерлерде тұрады.Олар:
жетім балалар, № 42 мектептің 7 сынып оқушылары Сотникова Анель Момышевна, Сотникова Дарина Момышевнаға спорттық киім алынды;
№12 орта мектептің 4-сынып оқушысы (көп балалы отбасынан шыққан бала) Кулагнанов Нұралыға спорттық киім мен аяқ киім алынды;
№25 жалпы білім беру мектептің оқушылары үшін:
жетім балалар — Қасенова Мадина (7 сынып), Ділдабаева Аружан (7 сынып), Жармағамбетова Гүлназға (11 сынып) мектеп пен спорт киімін сатып алды;
Толық емес және аз қамтылған отбасылардан шыққан Даир Гүлжанат (4 сынып) және Маралбаева Арайға (8 сынып) мектеп формасын және спорт киімін сатып алды.
Барлығы 154940 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.