Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығын орындау мақсатында,
2018 жылдың 15 қарашасында аурухана медициналық қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ретінде» тақырыбында семинар өткізілді.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің жемқорлықтың алдын алу жөніндегі басқармасының бас маманы Толыбеков Нұржан Нұрлыбекұлы Ғ.Сұлтанов атындағы павлодар облыстық аурухана қызметкерлері алдында сөз сөйледі.
Семинар денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерін талқылады. Семинар жанданған сұхбат түрінде өтті.