Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі
Туберкулез әлі күнге дейін әлемдік денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі болып отыр.
Туберкулез — ауа тамшылары арқылы жұқпалы ауру. Тиісті емсіз туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам жыл сайын орта есеппен 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін.
Туберкулезді жұқтыруға келесі факторлар ықпал етеді:туберкулезбен ауыратын науқаспен байланысу,толық емес және дұрыс тамақтанбау,үй жағдайлары,стресстік жағдайлар,темекі шегу,ВИЧ\ ЖИТС,ішімдікке салыну, нашақорлық, токсикомандық, созылмалы аурулар (өкпе, қант диабеті, асқазан жарасы ауруы).
Туберкулездің негізгі белгілері:2 апта немесе одан көп уақыт жөтелу;салмақ жоғалту,дене температурасының 37-37,5 С дейін ұзақ мерзімді жоғарылауы,
түнде терлеу,өзін нашар сезіну және жалпы әлсіздік,кеудедегі ауырсыну,
тәбеттің жоғалуы,қан қақыру.
☝Егер сізде бұл белгілер болса, дереу дәрігерге қаралу керек.
Туберкулездің алдын алу шаралары: туу кезінде БЦЖ вакцинациясы және 6-7 жасында реавакцинациясын жасау,15 жастан асқан ересектер мен жасөспірімдерге жыл сайынғы флюорографиялық тексеру,балаларға арналған Maнту сынағының жылсайын егу, үнемі дымқыл тазалау, бөлмені желдету,иммунитетті жоғарылату (ағзаны шынықтыру, дәрумендер, спорт),
салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау,темекіні тастау, толық емдеу курсының аяқталуымен туберкулезді уақтылы диагностикалау және емдеу.
Лицензия 00986 DS