01.06.2018
31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. — Қазақстандықтар үшін бұл тарихи күн мәңгі есте қалады, — деді облыс әкімі Болат Бақауов. — Біз қатал күндерде жазықсыз жазаланған тұлғалардың есімдерін ұмытпай, өз жеріміз бен үйімізде бейбітшілікті сақтап қалуымыз керек. Жалпы қуғын-сүргін жылдары 60 ұлт өкілі жер аударылған. Осылайша, қазақтардың қонақжайлылығының арқасында өзге ұлт өкілдері үшін Қазақстан олардың жаңа Отанына айналды. Ал бүгін олардың ұрпақтарымен бірлесе қуатты да тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына күш салудамыз. ХХ ғасырдың басында облысқа 40 мыңнан аса адам жер аударылды. Олардың арасында Краснодар өлкесінен Кочериди отбасы бар. — Менің ата-анама жиналу үшін он күн берген, — деді «Эльпида» грек этномәдени бірлестігінің мүшесі Мария Кочериди. – Бұл 1942 жылы болған. Мен Павлодар қаласына бара жатқан уақытта жолда дүниеге келдім. Павлодарға келген соң бізді Үрлітөбе ауданының Раздельное ауылына тұруға жіберді. Бізден басқа, мұнда әртүрлі жерден адамдар қоныстанған. Барлығымыздың жағдайымыз бірдей еді. Менің ата-анам жергілікті тұрғындардың оларды қалай қарсы алып, қол ұшын созғандары жайлы жиі айтып отыратын.
Фариза Қазыбекқызы
Фото:Маргарита Чудакова