«ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының күндері». «Эндоскопиялық септопластика және эндоскопиялық ларингопластика» мастер -классы
03.04.2024
2024 жылғы 2 сәуірде Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының оториноларингология бөлімшесінің базасында ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының оториноларинголог-дәрігері Д.В.Когай «Эндоскопиялық септопластика және эндоскопиялық ларингопластика» эндоскопиялық хирургия бойынша мастер-класстар өткізді. Эндоскопиялық септопластика қисық мұрын қалқасын хирургиялық емдеудің балама әдісі болып табылады. Эндоскопиялық ларингопластика — бұл операция дауыс шымылдығы мен дауыс аппараттарының жұмысын қалпына келтіру немесе жақсарту үшін жасалады. Мастер-класс барысында 2 пациентке ота жасалды.
Лицензия 00986 DS