16 наурызда №1 Павлодар облыстық перинаталды орталығының акт залында БЖЗҚ өкілінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында БЖЗҚ өкілі жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі өзгерістермен байланысты ақпаратты ұсынды.
