Халықаралық ұйым өкілінің сапары

15.03.2018

14 наурызда Павлодар облыстық перинаталдық орталығының нәрестелерді қарқынды емдеу терапиясы мен жан сақтау бөлімшесіне Global Novick Cardiac Alliance халықаралық ұйымының өкілі Фурманчук Д.А. жұмыс сапарымен болып қайтты. Дәрігерлермен кездесуде жаңа туған нәрестелерге респираторлы қолдау, кардиохирургиялық науқастарды емдеуді тұрақтандыру, шала туған сәбилерге күтім жасау және емдеуге арналған жаңа шығын материалдарын пайдалану мәселелері талқыланды.

IMG_1207 IMG_1204 IMG_1198

Accessibility