«Ашық есіктер күні»
13.03.18 жылы перинаталдық орталығында әйелдер кеңесінің жүкті әйелдері үшін «Ашық есіктер күні» өткізілді. Барлық әйелдер саны серіктестерімен 34. Осы шара болашақ ата-аналар үшін біздің орталық туралы кеңінен білуге мүмкіндік берді. Жүкті әйелдер қабылдау бөліміне, босану залына, балалар мен ересектер реанимациясына , босанғаннан кейінгі бөлімшеге барып қайтты.
Бас дәрігер Оспанова А.К. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халыққа Жолдауында тоқтады. Осы бастамалардың маңыздылығын ескере отырып, оларды тиімді іске асыру жолдарын кеңінен талқылау қажет.
Тұсаукесерде, босану бөлімінің аға акушері Купина Г.Г. әйелдердің алдында сөйлеген сөзінде серіктес босану туралы, босану орны мен босану жерін еркін таңдауы, босану процесі туралы әңгімеледі.
Қатысушылар босанғаннан кейінгі бөлімге барып, аға акушері Саятова А.С.бөлімшенәің режимімен таныстырып, аналар мен балаларды бірлесіп тұру үшін босанғаннан кейінгі палаталарды көрсетті.
Бас дәрігердің әдістеме-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары Л.В.Ходырева осында келіп түсудің және болудың шарттарына тоқталды; ана болу қауіпсіздігінің қағидаттары туралы, оның ішінде: егуден бас тартуына байланысты жүктілік кезінде, серіктес босану, босанудың орны мен қалпын еркін таңдау кезінде, босану процессі , еркін құндақтау, төсек-орын тысын, ыдысты, өзінің және жаңа туған баланың киімдерін пайдалану туралы шарттарына тоқталды.
Бас дәрігердің аудит бойынша орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МӘМС қорының жұмысы туралы және МӘМС шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МӘМС бойынша сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері таратылды.
Дәрігер-эпидемиолог Оспанова С.К. жүкті әйелдерді вирустық өткір респираторлық инфекциялар мен тұмаудың алдын-алуына назарларын аударған. Әйелдер консультацияларында, күн режимінде, ЖРВИ мен тұмауға қарсы жеке қорғаныс құралдарын пайдалану кезінде жүкті әйелдерді вакцинациялаудың маңыздылығын атап көрсетті.
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Туберкулезбен күресу» Ұлттық бағдарламасының шеңберінде проблемалық мәселелерді шешуге арналған әдістердің бірі осы науқастарға ықпал ететін тәуекел факторларымен күресу үшін пациенттерді оқыту жүйесін ұйымдастыру болып табылады: белсенді және салауатты өмір салты: темекі шегу, алкоголизм сияқты зиянды әдеттерге қарсы тұру. 2 жасқа дейін емізу, физикалық белсенділікті насихаттау, өйткені дене белсенділігі туберкулездің алдын алуда күшті фактор болып табылады. Ашық ауада жүру, рационалды және дұрыс тамақтану — халықтың денсаулығын сақтау және нығайту үшін негіз болып табылады. Туберкулезді болдырмау мақсатында олар оны берілудің жолдарын, сақтық шараларын толық түсіндірді.
Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді.
Шараның аяқталуы кезінде барлық жүкті әйелдерге бала туғаннан бастап болашақ аналарға ерте жастағы баланы 3 жасқа дейін күту бойынша «Қуан сәби» брошюралары мен босанғаннан кейінгі кезеңде қалаусыз жүктілікті алдын алу туралы буклеттер, егу күнтізбесі және міндетті медициналық сақтандыру туралы буклеттері сыйға тартылды.
[wolf-gallery-images id=»31″]