Менің денсаулығым,менің қүқығым

08.04.2024

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді.
Биыл Дүниежүзілік денсаулық күнінің ұраны: «Менің денсаулығым — менің құқығым»
Таңдалған тақырыптың мақсаты – сапалы медициналық қызмет көрсетуде, лайықты еңбек жағдайларында, сапалы тұрғын үйде, тамақтануда және қолайлы экологиялық жағдайда әр адамның құқығын бекітуге ғана емес, сонымен қатар олардың денсаулығын сақтау туралы сенімді, ғылыми негізделген ақпарат алуға ықпал ету. Денсаулық, құндылық ретінде, бастапқыда адамға тиесілі және ол өзінің басқару рөлін түсінсе де, білмесе де, өзі реттейді
7-10 сәуір аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған кең ауқымды акциялар өткізіледі.
Бүгін осы акция аясында Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының құрылымдық бөлімшелерінде аурухана пациенттері мен қызметкерлері арасында таңертеңгілік жаттығулар өткізілді, тренингтер, дәрістер, денсаулықты нығайту туралы әңгімелер өткізу жоспарлануда.

Лицензия 00986DS

Accessibility