Әркім медициналық сақтандыруға төлейтін төлемдерін тексере алады

27.02.2018

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлейтін төлемдерін тексеру бойынша мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің әзірленуі мен енгізуін және емханаларға тіркелу бойынша көрсетілетін қызметтердің жетілдіруін жоспарлап отыр.

Бұл жұмысты Қор Қазақстан Республикасы Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы «Ақпараттық жүйелерді дамыту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету» бөлігіндегі тапсырма шеңберінде жүргізеді.

Көрсетілетін жаңа мемлекеттік қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуын растайтын және түсімдері туралы ақпаратты 2018 жылдың бірінші жартысының соңына қарай алуға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиал директоры Н.Қ. Қасымов былай деп түсіндіреді: «2018 жылдың бірінші жартысының соңына қарай азаматтардың ХҚКО арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуын растайтын және түсімдер туралы ақпаратты алу мүмкіндіктерін күтудеміз. Қазіргі таңда бұл ақпарат жартылай egov.kz. – «электрондық үкімет» порталында қолжетімді. Қолданушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «жеке кабинетіне» кіріп, жасалған соңғы төлем бойынша толық ақпаратты тексере алады. Қазіргі уақытта бұл барлығына қолайлы емес, ол туралы бізге медициналық қызметтерді көрсететін қолданушылар жиі жазады. ХҚКО арқылы қызметтерді енгізе отырып, азаматтар өз жарналары мен аударымдарының толық көшірмесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қатысуын растайтын анықтаманы алуға болады».

Толық ақпаратты fms.kz – Қор сайтынан таба аласыздар. Кеңесті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар филиалында Естай көшесі, 61-үй, 3 қабат мекенжайы бойынша немесе 8 (718-2) 37-19-04 телефон арқылы алуға болады.

                                                                                                                                «Әлеуметтікмедициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

филиал директоры

Н.Қ. Қасымов

Accessibility