Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны аймақтарында ауыз судың ластануы туралы таратылып жүрген ақпаратты жоққа шығарды

09.04.2024

Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда жұқпалы аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар тарала бастады. Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының таралу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылды, бұл шындыққа жанаспайтын хабарламалар. Су тасқыны жағдайына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Су тасқыны кезеңіне тән инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деңгейде. Барлық объектілерде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғаннан бері санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бойынша жұқпалы аурулар су ошақтарының пайда болу қаупі жоқ. Эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге – Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз.
Лицензия 00986DS

Accessibility