Рахмет айтамыз!
13.02.2018
Перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова және орталық ұжымы Татьяна Николаевна Друговаға балалық шақ жөніндегі бас дәрігердің орынбасары лауазымында атқарған жұмысына шын жүректен алғысын білдіреді. Кәсібилігіңіз, ұйымдастыру қабілетіңіз, жауапкершілігіңіз үшін, атқарушылығыңыз және кішкентай пациенттерге өте жылы да сергек қарым-қатынасыңыз үшін рахмет айтамыз. Татьяна Николаевна босанудан кейінгі бөлімшенің неонатолог-дәрігері жұмысына ауысуға шешім қабылдады. Балалық шақ жөніндегі бас дәрігердің орынбасары лауазымына жоғары санатты неонатолог дәрігер Жанылай Ғалымжанқызы Капанова тағайындалды.