«Азаматтар үшін Үкіметі» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері № 1 ПОПО –да туылған егіздердің анасына құжаттар тапсырды

18.01.2018

18 қаңтарда «Азаматтар үшін Үкіметі» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері №1 ПОПО қабырғаларында туылған егіздердің анасының туу туралы куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.

Еске салайық, «Азаматтар үшінҮкіметі» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірге баланың туылуына белсенді қызмет көрсететін пилоттық жобаны іске қосты. Қазіргі уақытта жаңа азаматтардың туылуын тіркеуге өтінімдер ақпараттық жүйелерді біріктіру арқасында автоматты түрде келеді. Бала туғаннан кейін ата-аналар құттықтаумен SMS-хабарлама алады, сондай-ақ баланың туылуын тіркеуге арналған мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс алады. Электрондық үкімет порталы әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен барлық ақпаратты алады және жетіспейтін ақпарат тапсырыс берушіден SMS-хабарлама арқылы сұралады.

180118con-1 180118con-2

Accessibility