Балалардағы ЖІИ (жедел ішек инфекциялары) және АБД (антибиотикпен байланысты диарея) емдеудің заманауи аспектілері

05.06.2024

2024 жылғы 30 мамырда Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың мәжіліс залында «Инфекционист дәрігерлер қоғамының» отырысы өтті. Осы отырыста «Балалардағы ЖІИ және АБД емдеудің заманауи аспектілері» тақырыбында м.ғ.д., РЖА академигі, Қарағанды қ. «ҚМИ» КЕАҚ инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының профессоры Р.Х.Бегайдарова баяндама жасады, PhD докторы, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ эпидемиология және инфекциялық аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тәуелсіз сарапшысы Е.С.Жунусов «Бауырдың аутоиммунды зақымдануы бар науқастарды жүргізудің заманауи тактикасы» атты баяндамасын ұсынды.

Лицензия 00986 DS

Accessibility