Ашық есіктер күні

07.12.2017

07.12.2017

2017 жылғы 07 желтоқсанда «№1 ПОПО» жүкті әйелдер мен олардың серіктестері үшін ашық есіктер күні өткізілді. Жүкті әйелдер саны 57.

Осы шара болашақ ата-аналарға біздің перинаталдық орталығы туралы кеңінен білуге мүмкіндік берді. Жүкті әйелдер қабылдау бөлімінде, босану залында және босанудан кейінгі бөлімшеде болып қайтты.

Тұсаукесерде әйелдер алдында босану блогының аға акушері Галина Геннадьевна Купина серіктес босану мен босану орны туралы айтып берді.

Босанғаннан кейінгі бөлімшенің аға мейірбикесі А.С.Саятовабосанғаннан кейін әйелдердің бөлімшеге келіп түсуі, ана мен баланың бірге болу пайдасы туралы айтып өтті. Босанғаннан кейін мазалайтын сұрақтарға жауап берді.

Бас дәрігердің әдістеме-ұйымдастырушылық жұмысы жөніндегі орынбасары Л.В.Ходырева осында келіп түсудің және болудың шарттарына тоқталды, ДСБ бұйрығына сәйкес перинаталдық көмекті аумақтандыру,  ана болу қауіпсіздігінің қағидаттары туралы, оның ішінде: жүктілік және босану кезіндегі гигиена туралы айтып өтті.

Бас дәрігердің орынбасары М.Д.Мустафина міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы, МСМЖ қорының жұмысы туралы және МСМЖ шеңберіндегі сақтандыру пакеттері туралы айтып берді. МСМЖ бойынша сұрақтарға жауап берді.

Бас дәрігердің балалық жөніндегі орынбасары Т.Н.Другова балалардағы туберкулез бен гепатитті алдын алу шеңберінде, ұлттық егі күнтізбесіне сәйкес осы сырқаттардың имуннопрофилактикасы туралы сөз етті.

Эпидемиолог дәрігері Сәуле Кәрімқызы Оспанова жүктілердің назарын вирусты жіті респираторлы аурулар мен тұмауға аудартты. Жүктілердің әйелдер консультациясында екпені алу мәні, күн тәртібі, ЖРВИ мен тұмауға қарсы жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы айтты.

ЖИТС-пен бүкіләлемдік  күрес күніне арналған айлығы шеңберінде  АИТВ/ЖИТС алдын алуға жауапты Әлия Қайыркелдінқызы Түлекова АИТВ инфекциясы туралы, оның берілу жолдары, өзіңнің АИТВ дәреженді білудің маңыздылығы туралы айтты.

Емізу бойынша медбибі Т.А.Наскенова емізудің пайдасы, ертеден кеудеге салу қажеттілігі және кеудеге салудың дұрыс техникасы туралы ақпарат берді. Жаңа туған нәрестенің гигиенасы туралы күтім бойынша сұрақтарға жауап берді.

Кездесудің соңында жүкті әйелдерге МӘМС, АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша буклеттер, ерте жастағы балаларды күту бойынша оқу құралдары болып табылатын Қуан-Сәби брошюралары сыйға тартылды.

[wolf-gallery-images id=»18″]

Accessibility