Рухани жаңғыру. «Туған жер» арнайы жобасы
Людмила Сергеевна Золотарук – «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының» жоғары санатты анестезист мейірбикесі.
1990 жылы Павлодар медициналық училищесін бітірісімен өзінің еңбек жолын Павлодар қаласының бірінші ауруханасында мейірбике қызметінде бастады. Анестезист-мейірбикесі мамандығындағы алғашқы қадамдары 1997 жылы Короленко көшесі бойындағы облыстық аурухананың босану бөлімшесінде болды. Қазіргі кезде Перинаталдық орталығында жұмыс істейді.
Людмила Сергеевна кез келген қиын жағдайларда өзін-өзі ұстай білетін санаттағы адамдардың бірі. Анестезиология және реанимация бөлімшесіндегі көп жылғы еңбегінде көптеген кәсіби біліктіліктерді меңгерген адам. Өзін өте сауатты әрі жауапты маман ретінде көрсете білді. Өзінің көңілін жаңа технологиялар мен оны оны тәжірибеде қолдануға бөледі. Көп жылғы адал еңбегі, іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестері арасында құрметке ие болып, бірнеше рет грамоталармен және алғыс хаттарымен марапатталды.