Жаңа өмірдің ғажабы
Міне, осымен 30 жыл №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері Наталья Шахворостова жаңа туған сәбилердің күтімімен айналысады. Мамандық таңдау туралы, өз көрсетер жұлдызы: бұл бейімділік деп айтады. «Алғашқы босануды студент кезімде көрген едім» — деп Наталья Владимировна әңгімесін бастады. «Бұл мен үшін табиғат ғажабының бірі болды: өмірге кішкентай адам келді! Бұл бір таңғалдырарлық әсер». Кейін тәжрибемен үйреншікті ісіме айналды: менің міндетім – жаңа туған сәбиге алғашқы минутында көмек пен қолдау көрсету болды. Кәсіби мереке Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, неонатолог дәрігері Н.Шахворостова өзінің тәжірибесінен ең қызық байқауларымен бөлісті.
1986 жылы Наталья Шахворостова Семей мемлекеттік медициналық университетінің педиатрия факультетін бітіріп, «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатураға оқуға өтті. 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК неонатолог дәрігері болып жұмыс істейді. Үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттырады,жаңа туғандарды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін тәжірибеге енгізуге үлкен көңіл бөледі. Наталья Владимировна өз жұмысына адал, ұжымы арасында сыйлы әрі құрметке бөленген.
Өмірімнің тең жартысы неонатологияда қызметінде өтті-дейді дәрігер Шахворостова. – Интернатурадан кейін 1987 жылы Короленко көшесі бойындағы ескі Павлодар қалалық босану үйіне жіберілдім. Дәл сол жылы тек педиатрия ғана емес, неонатологиялық қызметі ашылған болатын. Бұл нәрестелерге білікті, әсіресе шала туған және науқас сәбилерді күту, қарқынды реанимациялық көмекті қоса алғанда көмек көрсету бойынша маманданудың басы болатын.
«№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» «ана мен бала» қағидаты бойынша жұмыс істейді. 2003 жылы ВОЗ бен ЮНИСЕФ «Балаға деген достық қарым-қатынас ауруханасы» атағы берілген. 2007 жылдан «Қаупсіз аналық» қағидатын енгізуде. Емізуді толық қолдауға, жаялық дерматитін алдын алуға барлық шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бала жасындағы сырқаттарды ықпалдастыра жүргізу бағдарлама енгізілуде.
Наталья Владимировна: сәбилерді құтқару және көмек көрсету үшін неонатологтардың қолда барын бұрын соңды уақытпен салыстыру мүмкін емес.Қазіргі перинаталдық орталығы жабдықталған көмекші құралдар бұрындары болмады. Баланың туғандағы алғашқы күндерінде көптеген зерттеулер өткізіледі, мысалы, бас миының нейросонографиясы, жүрек УЗИі т.б. Орталық мамандары босануға көмектесудің және перинаталды күтімнің басты әдістерін қолданысқа алады. Ертедегі диагностикасы, бірден сырқатты анықтап, емдеуге кірісуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қазір, минималды медикаментозды араласудың аяншақ түрлері бар.
2008 жылдан Қазақстан бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының критерийлеріне көшті: 500 граммнан салмағы бар шала туған сәбилерді күтімі басталды (жүктіліктің 22 аптасынан бастап). Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын 400 мыңға жуық сәбилер дүниеге келеді, олардың 5 пайызы – шала туғандар. Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, 2008 жылы Қазақстанда шала туған сәбилердің 40 пайызы ғана аман қалатын, ал 2013 жылы аман қалу жағынан 60 пайызға жетті. Бүгінгі күнде Павлодар перинаталдық орталығының қызметкерлеріне құтқарып және аман алып қалу бойынша 85 пайызды құрап отыр- бұл Қазақстандағы көрсеткіштердің ең үздігі.
Шала туған балаларды жаңа ережемен тіркеуіне байланысты, перинаталдық орталығының пациенттер саны артуда, қосымша алаңдар қажеттілігі жіті байқалды. 2016 жылдың аяғында жаңа №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы ашылды – ескі корпус жөнделіп, жаңа корпус бой көтерді. Павлодар неонатологтарының қол астында көз торының лащерлі коагуляциясы үшін жаңа аппараттары бар. Бұрын ретинопатиясы бар жаңа туған пациенттерді шұғыл Алматы немесе Астана қалаларына жіберіге тура келетін. Қазір сәбилерді Павлодарда емдейді.
«Жаңа корпусты ашумен іші кеңейіп, жүктемеміз жеңілдеді. Сондықтан көп көңілді пациенттерге бөлеміз. Осы жолы барлығы риза» — дейді дәрігер Шахворостова.Ал сәбилеріне перинаталдық орталығының мамандары көмектескен аналар : жаңа туған сәбилермен жұмыс істейтін неонатологтар және өзгелер – ерекше жан дүниесі кең адамдар деп ес ептейді. Жаңа туған нәресте үшін айналасы мейірімге толы болуы маңызды: анасының, дәрігерлердің және мейірбикелердің нәзік қарым-қатынасы.Нәзіктікті сезінбеген адам осында көпке қалмайды.
Жаңа туған сәбилерде ырғақты, тұрақсыз өмір жүйесі болады — дейді Наталья Шахворостова. Бір жағынан олар өте сезімтал, екінші жағынан олар жылдам қалыптасады. Ересек адам ондай дағдарысты психикаға жүктемені ,жалпы ағзаға алатын болсақ, көтере алмас еді, ал сәбилер өте жылдам қалыптасады.Яғни, қоршаған орта оларды қолдау қажет.
Жаңа адамның өмірге еш қиындықсыз келу үшін, дәрігер Шахворостова болашақ аналарға алдын ала емделіп, тексеріліп, өз денсаулықтарына сенімді болуын сұрайды. Сонымен қатар, түрлі әдебиеттер, оқу фильмдерін босану процессіне моральді және психологиялық дайындалуларына керектігін айтады.
Ең бастысы, босануда өзін-өзі қалай ұстау және көмек пен қолдау міндетті түрде көрсетілетінін есте сақтау қажет. Көпшілік әйелдерге босанукезінде серіктестері көмектесетіні мәлім. Босану кезеңінің ерекшеліктері бойынша ақпаратты оқулықтан алдын ала білу керек. Ал бала күту бойынша ақпаратты осында біздің мамандардың көмегімен алады.
30 жылдық тәжірибесі бар неонатолог дәрігері басты құпияны ашты – жаңа туған адамның қандай ерекшелігі бар? Оған не қажет?
Ең бастысы – анасының жанында болуы. Күтім мен қорғаныс, жақын қарым-қатынас бала үшін өте маңызды-дейді Наталья Шахворостова. – Бала, анасының оны қорғап, тамақтандырып, жылытуын сезіну керек. Кеудеге салу – бұл жаңа туған нәрестенің иммунитетін сақтап жоғарылату үшін қажетті, жағымды эмоцияның бірі болып табылады. Әйелдің де тәртібі өте маңызды. Өзін-өзі ұстауы, жоғары көтеріңкі көңіл күйі тіпті ауырған баланы сауықтырады. Қолында ұстап, «бізде барлығы жақсы болады, біз міндетті сауығып кетеміз» десе дәл солай болады. Дәрігерлік тәжірибеде ондай фактілер өте көп: көтеріңкі көңіл күй мен балаға деген жақсы қарым-қатынаснебір ғажаптар туындатады екен.